Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді., деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды. Олардың ішінде 9 қызметкер қамауға алынды.
"Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", - деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу шаралары аяқталды.
"Олар ұсталған адамды ұрып-соққан. Оның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айыпталып отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істертерде тергеу ерекшелігі бар. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған", - деп атап көрсетті Шалабаев.