Алдын ала болжам бойынша, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Марқұмның Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Тергеу сатысында қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ", –делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті марқұм Шерзаттың отбасы үнемі полицияның қорғауында екенін атап өтті. Осы уақыт ішінде марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген.
"Қауіпсіздік қызметкерлерінің түсініктемелері бойынша, ер адамның күзетілетін нысаннан кешкі сағат 23:30-да өз көлігімен шығып кеткен . Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп қосты полиция.
Полиция тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды және жалған ақпарат тарату жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.
“Нұрғанаттың және Шерзаттың отбасына көңіл айтамыз”, – деп жазылған Шерзат үшін ашылған парақшада.