«Дұғада болсаңыздар. Өрттен үш адамды құтқарып, қазір өзі комада жатыр. Денесінің 80% пайызын күйік шалған екен. Қазір жағдайы өте ауыр. Батыр жігіттің есімі Асқар. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейді. Үйінде келіншегі мен екі кішкентай балапандары барша қазақ елінен тек дұға етіңіздерші деп сұрап отыр. Аман болсыншы.
Ол үйдегі өртке жоғарғы қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған. Үйден 80 жастағы әжені, 22 жастағы немересін және көрші пәтерде балконға тығылып қалған 10 жасар баланы өрттен аман алып қалған. Асқар бүгінгі күннің батыры. Алладан амандығын сұрайықшы. Қазір келіншегінің қолында Асқардың сағаты ғана қалды. Асқардың өмір сағаты тоқтамасын деп тілейікші. Бәрі жақсы болсын», — деп жазды ол.