Денис Кузин өзінің сәтсіздігін жарыс алдындағы қобалжуымен түсіндірді

Жанкүйерлердің қолдауы қызу болғанымен Кузин көпке ұзай алмады. Мамандар Денистің не себепті қарсыластарынан қалыс қалғанын анықтауда. Спортшыға артылған зор жауапкершілік оны қобалжытса керек. Ал дүбірлі доданың аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазақстан қоржыны әлі бос. Енді отандастарымыздың бар үміті шаңғышы Алексей Полторанин мен мәнерлеп шырғанау шебері Денис Тенде. Айта кетсек, Қазақстаннан барған жанкүйерлер арнайы жасалған олимпиада ауылында спортшылармыздың ойынын тамашалауда. Тіршілігі қарбалас қаладан қашық орналасқан ауылда жарысқа қатысушыларға бар жағдай жасалған. Көпшіліктің үдесінен шығу енді споршыларымыздың еншісінде. Ат арылтып, Сочи жеріне аттанған спорт сүйер қауым да медальсіз қайтпайтынымызға сенім артып отыр.


Дәулет Тұрлыханов:

-Шаңғымен сырғанаудан Алексей Полтаранин де жақсы табыс әкеледі деген ойдамыз. Әр спортшының топ жаратын өзінің дистанциясы бар ғой. Алексейдің бабы, көңіл-күйі жақсы болса, бірінші үштікте болады деп ойлаймын.