Денис Тен әлем чемпионатына қатыспайтын болды


Бұл туралы бүгін ол өзінің Твиттердегі парақшасында мәлім етті.

«Өкінішке орай, мен әлем чемпионатында болмаймын. Келуді жоспарлап отырған жанкүйерлер алдында кешірім сұраймын. Барлығы шешілгеннен кейін тың күшпен қайтіп ораламын», - деп жазады спортшы.
Жапонияның Саитаме қаласында 24-30 наурыз күндері өтетін біріншілікте Қазақстан намысын Абзал Рақымғалиев қорғайтын болды.