Бұл туралы спортшының фан-клубының Instagram-дағы парақшасында хабарланған.
«Денис Чиакогдағы Skate America гран-при сериясының бірінші кезеңіне қатысқан. Енді ол 21-23 қараша аралығында Францияда өтетін кезеңге қатысады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ ақпаратта Денис Теннің Стефан Ламбьельдің «Мұзайдын аңыздары» шоуының актерлік құрамына кіргені туралы айтылған. Бұл шоу жақын арада Франция, Швейцария және басқа да Еуропа елдерінің мұзайдындарында өнер көрсетпек.