«Илья, біз сенімен біргеміз!», - деп жазды Денис Инстаграмдағы парақшасында. Ол жазбасына Илья Ильин және Серик Сапиевпен бірге түскен суретін орналастырды.
Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың қанында төмендегі заттар табылғанын хабарлады:
Светлана Подобедова (KAZ) - Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Майя Манеза (KAZ) - Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Илья Ильин (KAZ) - Дегидрохлорметилтестостерон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Зульфия Чиншанло (KAZ) - Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Ережелерге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды Федерация олардың ісі жабылғанша спорттан шеттетеді.