Ерлер қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Жарысқа 26 спортшы қатысуда, соның ішінде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев бар.
Қысқа бағдарлама Астана уақытымен сағат 14:15 басталады. «KAZsport» арнасы жарысты тікелей эфирде көрсетеді.