Денис Тен Skate America Гран-При жарысында 5-орынға ие болды

деп хабарлайды ISU Халықаралық конькишілер қауымдастығының ресми сайты.

197,98 ұпайға ие бола отырып, 18 жасар қазақстандық спортшы Жапония, Франция және Италия елдерінен келген белді спортшыларды артта қалдырды. Гран-Придің бас жүлдесі ерлер арасында польшалық спортшы Михаил Брезинеге бұйырды. Екінші орынды бельгиялық мәнерлеп сырғанаушы Кевин ван дер Перрен, қола медальды жапониялық Такахико Козука жеңіп алды.

Әйелдер арасында АҚШ-тың мақтанышы Алиса Чизни үздік атанды. Екінші нәтижеге италиялық Каролина Костнер қол жеткізсе, үздік үштікті швед қызы Виктория Хельгессон түйіндеді.

Жұптасып сырғанауда Әлем чемпиондары Германиядан келген Алена Савченко мен Робин Шолковы дуэті бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынға Чжан Дан мен Чжан Хао жұбы жайғасты. Ал үшінші нәтижеге канадалықтар Кирстен Мур-Тоуэрс пен Дилан Москович қол жеткізді.

Мұз үстіндегі биден Әлем чемпиондары Мэрил Дэвис пен Чарли Уайт жұбы үздік атанса, олардан әжептәуір қалып қойған Натали Пешала мен Фабьен Бурза жұбы екінші, литва жұбы Изабелла Тобиас пен Дейвидас Стагниунас үшінші орынға ие болды.