​Денис Теннің өлімінен кейін алматылық полицейлердің жалақысын көтеру ұсынылды


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Кеңес мүшелерінің бірі Әлібек Шәпенов қала тұрғындарының қауіпсіздігіне арналған отырыста құқық қорғау органдарының жалақысы аз – шамамен 120 мың теңге екенін айтты, сондықтан олардың қылмыстың бетін ашуға ниеті жоқ екен.

"Қазір полицияға қызметке келіп-кетіп жатқандар саны көп. Демалыссыз, мерекесіз қызмет етеді, олардың алаңдарда тұратынын көріп жүрміз. Бірақ бұл еңбек еленбейді. Тергеуші шамамен 120 мың теңге айлық алады, ал оның отбасы бар. Аз айлыққа сонша барын салып жұмыс істеудің не керегі бар? Әлеуметтік пакетті қайта қарауымыз керек, полицейлеріміз лайықты жалақы алуы керек", - деді Әлібек Шәпенов.