Танымал журналист, сенатор Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз болғанын айтып, орта жаста опасыздық пен зәбір көргенін айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
“Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында тұрамын дегенді кім білген?! Қиындық кімде жоқ. Мен де мойымай, бастысы денсаулығым мен жұмысымнан айырмасын” деген едім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кері әсерін тигізді. Содан кейін ТВ-да жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім. Басшыға өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым. Өйткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым.