Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әншіні оқырмандары "МаШаАлла, құтты болсын" деп құттықтау тілектер жолдаған.
Тамара Асар демалып жүрген сәтінен инстаграм желісіндегі сториз бөлімінде жабық киінген суреттерін жүктеген. Жабық киінген әншіні көрген халық дұрыс түсінбей қалған.
-Неге пляжда оранып жүрсіз, хиджап киіп кеткенсіз ба?", деп сұрақтың астына алған.
Әнші оқырмандарына түсінікті болу үшін: "Күннен қорғанып жүрмін. Менің денсаулығым үшін, күннен қатты қорғану керек екен. Сол үшін осындай купальниктер алғанмын. Қаншама адам жазыпты. Біреулер құттықтапты. "МаШаАлла" деп...", деді.