Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруы бойынша ескерту жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған елдердің қатарында Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері бар.

Министрлік төмендегідей бірнеше кеңесті ұсынды:

•⁠ ⁠қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

•⁠ ⁠әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

•⁠ ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;

•⁠ ⁠жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;

• тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

•⁠ ⁠тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;

•⁠ ⁠аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!