Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз", - деді Цой Үкімет отырысында.
Сонымен қатар: екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін (қазіргі уақытта бұл әуе қатынасы жаңартылған барлық елдер) келесі міндетті талаптарды белгілеу ұсынылды:
-
термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы);
-
анықтама болмаған жағдайда келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады.
Министр дәл осы талаптарды шекаралық бекеттер арқылы елге кіретін адамдарға қолдануды сұрады.
"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне: мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде карантиндік стационарлардың өрістетілуін және келетін адамдарды тестілеуді қамтамасыз етуді тапсыруды сұраймын", - деп қорытындылады денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.