Денсаулық сақтау министрі медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдардың басым бөлігі негізді екенін мойындайды

"ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қымет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі комитеті екі жылда азаматтардың 1500-дей шағымын қарап, 60-қа жуық медициналық ұйымдарды тексерді. Өкінішке орай, азаматтардың шағымының 70 проценті негізді екені анықталды",- деп мәлімдеді бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой парламентте өткен үкіметтік сағатта.

Министрдің түсініктемесіне сәйкес, "ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету барысында басым жағдайда (77%) диагностика және емдеу стандарттары сақталмайды". Оның айтуынша, 11% жағдайлар "тиісті салалық ауруханаға жатқызбауға, немесе тиісті белгілерсіз ауруханаға жатқызуға, 10% - емдеу мерзімін сақтамауға, 2% - науқастардың дәрі-дәрмегі мен құралдарын пайдалануға және медициналық көмек ауқымын асыра көрсетуге байланысты".

"Денсаулық сақтау министрлігі ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жағдайын қатаң қадағалайтын болады",- деді А.Дерновой.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті