Бүгін жемқорлыққа қарсы кеңесте денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық сөз болды. Денсаулық сақтау министрі болса, шала сауатты дәрігерлері үшін қызарудың орнына параны беріп, жаман үйреткен науқастардың өзін кінәлады. Яғни дәрігерлердің ай сайын алатын орташа жалақысы 114 мың теңге, ауызбастырықты дәметкен емес деген сыңай танытқандай болды. Ал Қаржы полициясы биылдың өзінде министрліктің 9 қызметкеріне қатысты 15 қылмыстық іс қозғапты. Елімізге дәрі-дәрмек жеткізуші «СК-Фармация» компаниясы болса, мүлдем жүгенсіз кеткен. Отандық дәріханаларды өңкей шетелдің қымбат препараттар басып қалған. Есесіне «СК-Фармация» қазақстандық дәрі-дәрмекті сатып алу көлемін 3 млрд.теңгеге қысқартып тастапты. Оның үстіне денсаулық сақтауға бюджеттен жыл саын миллиардтар бөлінгенімен ол науқастарға жеткен емес.