Оның айтуынша, бүгінде қолданылып отырған 40 балл мөлшеріндегі меже "мамандық ерекшеліктеріне сай келмейді". "Медициналық жоғары оқу орындарына ең таңдаулы талапкерлер түсуі үшін бұл межені тым құрыса 60 баллға дейін көтеру қажет",- деді Е.Досаев.
Сонымен бірге, министрдің пікірінше, медициналық жоғары оқу орындарында оқыту мерзімін ординатурада оқыту мерзімін арттыру есебінен 7-9 жылға жеткізу қажет.
Е.Досаев медициналық жоғары оқу орындарында оқыту құнын "анағұрлым көтеру қажет" деп санайды. Министрдің айтуынша, бүгінде барлық мамандықтар үшін оқыту құны жылына 133 мың теңге мөлшерінде біріздендірілген. 2005-жылдан бастап оқыту құны жылына 173 мың теңгеге дейін көтеріледі, деді министр. Алайда, "бұл қадамдар медициналық жоғары оқу орындарының кітаптарға, әдістемелік нұсқаулықтарға, препараттар мен муляждарға деген сұранысын қанағаттандыруға айтарлықтай септігін тигізе алмайды",- деді ол. "Ал түптеп келгенде маман-медикті оқыту құны жылына 270-280 мың теңге болуы тиіс",- деді Е.Досаев.
Министрдің айтуынша, 2005-жылдан бастап Қазақстанда медициналық мамандықтар бойынша гранттар мен кредиттер саны 500 орынға, ал 2006-жылы 1 мыңға дейін арттырылуы тиіс. Еліміздің жоғары оқу орындарындағы медициналық мамандықтар бойынша биылғы гранттар мен несиелер саны 1500 болды. Е.Досаевтың хабарлауынша, үкімет басшысы бірқатар министрліктерге қолданыстағы заңнамаларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан медициналық бағытта мамандар оқыту үшін жергілікті бюджеттен жеке гранттар мен несиелер бөлуге құқық беруге бағытталған өзгерістер енгізу жөнінде тапсырма берді. Бұл грант пен несиені қайтару үшін түлек 3 жыл сол жерде еңбек етуі тиіс. "Бұл ауылдағы медицина мамандары проблемасын шешу үшін қажет",- деді Е.Досаев.