Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға коронавирус туралы хабарлама таратып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламада жеке гигиена ережелері туралы нұсқаулар және коронавирусқа қарсы негізгі ұсыныстар жазылған. "Коронавирустың алдын-алу: қолыңызды жиі жуыңыз, қоғамдық орындарға бармаңыз, ауру адамдармен (ЖРВИ) байланысқа түспеңіз. ЖРВИ белгілері кезінде 103 нөміріне, сұрақтар бойынша 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген министрліктің алғашқы хабарламасында.


Loading...

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алты дерегі тіркелді, оның төртеуі - Алматыда, Нұр-Сұлтанда - екі жағдай. 1425 адам стационарлық карантинде, 496 адам үй карантинінде.