Денсаулық сақтау министрлігі: «Қажылыққа бару қауіпті!»

Жұқпалы ауру дендеді деп дабыл қаққанмен, жаратқанға жалбарынған жұмыр басты пенделер қасиетті сапардан бас тартпақ емес. Иін тірескен ел. Құранда бес парызының аты аталап түсі түстелген. Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Ораза ұстап, қажылыққа бару. Шариғат бойынша кәмелет жасы бар, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік мұсылман ғана қажылыққа аттана алады. Ал олар қасиетті жерде қалай жүреді, қандай дұға оқиды? Барлығы арнайы курстарда үйретілуде.

Бақыт қажы Тұрсынбек, Қажылық оқу орталығының директоры:

-  Кітап жүзінде оқығанда қазір мен сізден сұраймын Музалифа деймін, Мина деймін. Сосын сұрайсыз Музалифасы несі, Минасы несі? Ал бұл жерде барлық жағдай қамтамасыз етілген. Қағба қалай тұр, тура макеті бірақ қысқартылған. Арафат тауы қай жерде тұр барлығы схема бойынша. Қай жерде не айту керек, не орындау керек, қандай амалдар бар, қанша парыздар бар. Ал бір парыз орындалмай қалып қойса ол қажы саналмайды.

Осы уақытқа дейін мыңдаған адам қажылық алдындағы ілімін арттырған мұнда. Биылда көп екен. Бақара сүресінің 125 аятында: “Кезінде Қағбаны адамдар жиналатын орын және тыныштық мекені етіп бердік” делінеді. Сол мекенге бару бақыты бұйырған қарашаның қуанышында шек жоқ. Арнайы оқу орталықтарында қажылық амалдарынан бөлек өз-өзін ұстауға да үйретеді.


Мейірхан Бейсенбаев:

- Қандай дұға айтатынын білмей қалуы мүмкін. Топтан ажырап қалған кезде қажылығын өзі орындай беретін, Умра қажылығын орындай беретін кіші қажылықты соған үлкен көмегі тиеді алдын ала дайындалып барғанда.

Құран Кәрімде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол» деп Қағба нұсқалады. Биылда ниет еткен жамағат көп, алайда саны біраз шектелген.

Биыл Қазақ жерінен Қағбаға барып қажылық парызын өтейтін қарашаның саны 4400 адам. Жоспарланғаннан 1100 адамға кем екен. Себебі сол, Сауд Арабия тарапы биылдан бастап Меккеде үш жылға созылатын жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Осыған орай, қажылық парызын өтеуге ниет қылғандардың санын шектеуді сұрапты. Ал 2020 жылы бір мезетте 20 миллион адам Меккеде қажылық парызын өтеуге мүмкіндік алмақ.

Бұдан бөлек, қазір Сауд Арабиясында түрлі жұқпалы аурулар тараған. Алайда қажыларды тасымалдайтын фирмалар Мекке мен Мединеге бас бастарына дәрігер ала кетеді екен. Ихрамға кiріп, Қағбаны жетi айналып тәу етіп, Сафа мен Маруа арасында сағий жасап, Арафада тұрып, Мұздалифада түнеп, шайтанға тас атқан мұсылман бауырларымыз қазанның аяғында елге оралады.