Денсаулық сақтау министрлігі қытай вагондарының өңдеу материалдарын ауыстырып, қосымша сарапты өткізуді талап етуде-ведомство басшысы

"Министрліктің бұған қатысты пікірі ашық, әрі айқын. Министрлік вагондардың өңдеу материалдарын ауыстырып, қосымша сарапты өткізу жөнінде қатаң талап қоюда. Егер бәрі талаптарға сай болса, онда бұл вагондар елге әкелінетін болады", -деп мәлімдеді А. Дерновой.

Ол еске салғанындай, ""Астана-финанстың "конструктивті емес қылықтарынан сот тартысы жалғасып, 30 тарта отырыс өткізілді ".

"Қытайдан жеткізіліп отырған тауар, жолаушы вагондары адамдардың денсаулығына зиян келтіретін қауіпті заттардан жасалған. Оның құрамында фенол және формальдегидтер бар , "екінші дәрежелі у". Жүргізілген 250 зерттеу қорытындылары бұл зиянды заттардың барын анықтаған. 250 зерттеудің біреуінде де ондай заттар жоқ деген кері сарап көрсетілмеген. Яғни, зиянды заттар бұл вагондарда бар", - деп атап өтті министр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылдан бастап, қытай вагондарының халықтың санитарлық -эпидемиологиялық саласына қатысты заңдарына сай келмейтіні және "Қазақстан Темір Жолы"ҰК АҚ бекітіліп, Қытай халық республикасынан Қазақстанның 1520 мм шойын табынына арналып жеткізіліп отырған жолаушы вагондарының жалпы техникалық талаптарға жауап бермейтіні жөнінде сот тартыстары жүргізілуде".

Бүгінгі күнде "Лизингтік "Астана-финанс" компаниясы барлық вагонның сегіз құрамасын ҚР территориясында қалдырды. Қазір олардың вагондарын "Жолаушы тасымалы" АҚ, Алматы-Ақтөбе бағытында пайдалануда.