"СК-Фармация" компания басшысы Максим Касаткиннің не себепті ұсталғанын нақты білмейді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта "СК-Фармация" ЖШС ұйым басшысының не себепті ұсталып, қандай айып тағылғанын білмейді. Қазір 2015 жылы дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды сатып алуға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.
Максим Касаткин еңбек жолын 2000 жылы "Денсаулық" РМҚК ақпараттық-аналитикалық сүйемелдеу бөлімінде бас маман ретінде бастаған.