"Біз СПИД-тің таралуына қарсы тұру жөніндегі 2006-2010-жылдарға бағытталған жаңа бағдарламаның жобасын жасадық. Онда донор қанының қауіпсіздігіне және медициналық мекемелердегі дезифекциялық және стерилизациялық тәртіптің сақталуына қойылатын бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар қарастырылған",- деді министр.
Оның айтуынша, бағдарламаның жобасы мемлекеттік мекемелерге келісуге берілген. Бұл құжатты үкімет қыркүйек айының ішінде қарап мақұлдайды дегенге министр сенім білдірді.
Е.Досаевтың айтуынша, бағдарламаның 2010-жылға дейінгі жалпы құны 6 млрд. 744 млн. теңгеге тең, оның 400 млн. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. 1,6 млрд. теңге жергілікті бюджеттерге трансферт түрінде бөлінсе, 4 млрд. теңге - халықаралық және донорлық ұйымдардың қаржысы болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті