Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып 
тағайындалған
. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.