"Сәлемді алмау - нағыз мәдениетсіздік": Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға ренішін білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, ол көпшілік отырған дастархан басында Аша Матаймен амандасқан. Алайда әншінің сөзінше, Аша Матай оның сәлемін алмаған.

"Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме, кім біледі?! Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Енді не қылайын?! Қиын болды-ау. Эх, суға батпайтын, отқа жанбайтын бір Меруерт бар. Негізі үміткер ханымға айтпағым, сәлемді алмау - нағыз мәдениетсіздік. Тыртыңдап, оның үстіне үлкен ортада, жан жағымыз зиялы қауым. Мен ұялдым сен үшін", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Әнші сондай-ақ Аша Матайдың депутаттыққа үміткер болғанын еске алып, оған қатысты ойын ашық жеткізді.

"Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің?! Этикет бойынша жасы үлкен сәлем береді, жасы кіші ілтипатпен, депутатқа үміткер болса да қабыл алады", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Аша Матай «Қазақстан халық партиясы» атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелген еді. Алайда оның партиясы тиісті 5% дауысты жинай алмай, Құрылтайға өтпей қалды.