Депутат болғаннан кейін толып кеткен Мәди Ахметов сынға жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жас та болса, саясатқа ерте араласқан Мәди оны сынаушыларға, әлеуметтік желіде күлкі қылып келемеждеген адамдарға жауап берді.

Жоқ, бұл саясат. Ренжитін, бұлданатын дүние емес,— деп қысқа қайырды Мади.

Мәжілістің биылғы соңғы отырысына қатысқан депутат жылды өзінше қорытындылап, жаңа жылды қалай өткізетініне де тоқталды.

Бұл жыл Тәуелсіздікдің 30 жылдығымен, ауыл әкімдерін сайлаумен, президенттің жастар мен әйелдер квотасын қолдаумен есте қалды. Жаңа жыл отбасылық мейрам. Сондықтан ата-анам, әжем, туған-туыстарыммен Алматыда қарсы аламын,— деді депутат.