Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

Ал декларациядағы мәліметтер салық комитетінің сүзгісінен өтетінін ескерсек, өтіріқ ақпарат анықталса кандидат тіркеуге алынбайды. Бірақ, бұл отбасылық дүние-мүліктің құны белгілі бір сомадан асып кетпеу керек деген сөз емес. Әзірге наурыздың 20-на белгіленген мерзімінен бұрын өтетін сайлауға бірнеше партия қатысатындықтарын мәлімдеп үлгерді. Қалған саяси күштер құрылтайға дайындалуда. Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік. Орталық сайлау комиссиясындағылар дағдарыс кезінде қыруар қаржыны үнеммен жұмсауға кеңес беріп отыр. 

Қуандық Тұрғанқұлов, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлауға бөлінген қаржыны үнемдеу үшін қатаң қаржылық бақылау қажет. Қазіргідей қиын жағдайда қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермей, әрбір тиынды мақсатты түрде пайдалану керек.

Loading...