Депутат Дариға Назарбаева Нұрбанкке қатысты оқиғаны қауіпті қылмыстық іс деп есептейді

"Бұл шаруашылық мәселе , бұл шын мәнісінде өте маңызды қылмыстық іс, және мұнда ешқандай саясат жоқ",-деді Д.Назарбаева.

Д. Назарбаева Нұрбанк басшысының жуырда ауысқанын айта кетті. "Жаңа басшы келді. Аудиторлық тексеру басталды (бұл кез-келген мекемеде болатын қалыпты жағдай). Белгілі бір шаруашылық, қаржылық заң бұзушылықтар анықталды",-дейді депутат.

"Менің білуімше, банктің бұрынғы басшысы үй тұтқынына алынған. Сондықтан оның жоғалғаны, оны ұрлап кеткендігі туралы әңгімелер - сыбыс қана... Оны неге әйелі көрмеген. Мен ол жағын білмеймін. Бұл бізге қатысты емес. Ал, банкке қарулы шабуыл жасағандарға тоқталсақ, олар да тұтқынға алынды, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр",-деп атап өтті Д.Назарбаева.

Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған Нұрбанктегі жағдайға жұбайы Рахат Әлиевтің қатысы бар деген ақпаратқа қатысты Дариға Назарбаева былай деді : "Бұл кезекті ойдан шығарылған жәйт, қарапайым қылмыстық істі саяси ойынға айналдыруға тырысушылық".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті