Депутат Дәулет Мұқаевтың ата-енесі кім екені белгілі болды


Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біреулер жазады бұның қайын жұрты мықты, Кулибаевтың күйеу баласы деп. Мен ол кісіні бетпе-бет көрмеген екенмін. Лаураның ата-анасы Семейде тұрады, олар да үйінде екі ағайынды. Ағасы бар, менің досым, қазір қайынағам. Лаураның анасы, менің екінші анам өкінешке орай бірінші топ мүмкіндігі шектеулі жан, қоляскада. Қайын атам өмір бойы теміржолда, далада вагон, рельстерді жөндеген. Кейін ол кісінің де денсаулығы сыр беріп, зейнет жасына жетпей жұмыстан шықты. Сондықтан біреудің күйеу баласы дейтіндей  емес. Барлығымыз маңдай термен жеткен дүние. Шамамыз жеткенше ата-енеме көмектесіп тұрамыз", - дейді депутат.