Депутат мал ұрлығына алаңдаушылығын білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Ұрлықтың ізі, ұрының сыбысы екі-үш жылдан кейін бірақ білінеді. Онда да, «алған мынау, малдың барған жері әнеу бір ауыл» деп айтылмай, құпиялап, күмілжіп, тұспалмен меңзеледі. «Елде нем бар, өзімдікі әл-әзір аман» деген ішкі қауіп әркімнің ұятын кісендеп қойған заман боп тұр.

Көзсіз қорқыныш – көптің қасіреті. Телі-тентекті береке-бірлігімен ықтырмай, ұры-қарыдан өзі қорықса, елдің кім болғаны? «Құдай көпке берсін» дейтін ежелгі ықылас-тілеуінен айырылып қалған ауыл қазағы алауыздықтан сорлап отыр", - деді депутат.

Ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге мынадай ұсыныс айтты:

Ұлт бірлігінен ұрылардың ұйымшылдығы күшті. Олар үшін обал-сауап – әлсіздіктің нышаны. «Үміті бар жас қой. Түзелер» деген кешірімді «бізден қорықты» деп пайымдайды. Ашынған елде қыжыл бар. Ел ішінде ұрының бетін қайтарып, ұрлықты тия алатын еркөңілді жігіттер де бар. Бірақ, ұрыны ұйымдасып қууға қолы – қысқа, аяғы – тұсаулы. Сондықтан:

  1. Мал ұрлығы болған өңірдің ауыл, аудан полиция басшыларының қызметтік жауапкершілігін арттыруды ойластыру керек.

  2. Сол негізде ауыл, аудан әкімдерінің де қызметтік жауапкершілігін арттырып, қызметтерін бағалаудың жаңа индикатор-көрсеткіштерді енгізу қажет.
  3. Ветеринарлық зертханалардың жұмысын жандандыру ісін жеделдету маңызды; МСХ
  4. Төрт-түлікті сату-сатып алу дерегі жүргізілетін электрондық-ақпараттық база әзірлеу керек; Цифровизация

Асыл тұқымды малды ұрлау жазасын қаталдатып, жазаның қосымша түрлерін қабылдау керек;