"Базарды жабу туралы шешім шығарғанда сот қалалық санитарлық қызмет тарапынан анықталған санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғаны туралы дерек пен базарлар тұрғын үй секторынан 50 метрден астам қашықтықта орналасуы тиіс деген қалалық мәслихаттың шешіміне арқа сүйеген",- деді депутат. Алайда, "БАҚ ақпаратына сәйкес, базар басшылығы санитарлық- эпидемиологиялық қызмет тарапынан әшкереленген кемшіліктердің жойылғанын және базардың кейбір бөлігін мәслихаттың шешіміне сәйкестендіруге келісімін бергенін мәлімдеген",- деді Д.Назарбаева. Осы орайда мәжіліс депутаты "базардың 1995-жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, ал оның жанындағы үйлер 2003-жылы салынғанын" еске салды.
Бұл мәселенің бірнеше мың адамның мүддесімен сабақтасып, қоғамда белгілі дәрежеде әлеуметтік шиеленіс тудыруға байланысты Д.Назарбаева республиканың бас прокурорынан сот шешімінің заңдылығын тексеруді сұрайды. Заңдылықтың сақталмау дерегі анықталған жағдайда депутат соттың шешімін іске асыруды тоқтата тұруды сұрайды. Ал денсаулық сақтау министрінен Д.Назарбаева Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі белгілеген санитарлық-эпидемилогиялық нормаларды бұзу дерегі анықталғаны шындыққа сәйкесе ме, жоқ па, сондай-ақ, автобазар басшылығы тарапынан кемшіліктердің жойылған, жойылмағанын анықтауды сұрады. Сонымен бірге депутат министрден автокөлік базарының СЭС нормаларының талабына сәйкестігі жөнінде қорытынды беруді өтінді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті