«Жалпы, жай ғана есеп: бір мың бала оқитын мектепті алдым. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан 200 адам тегін тамақтанады делік. 800 бала орташа есеппен шамамен 200 теңгеден төлейді. Сонда мектеп асханасы күніне 160 мың теңге табыс табады», - деп ол бүгін мәжілісте қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі «дөңгелек үстел» барысында атап көрсетті.
«Енді 20 күнге көбейтсек, айына шамамен 3 миллион 200 мың теңге табады. Жылына кісір орташа алғанда 38 миллион 400 мың теңгені құрайды. Мұнда мектеп асханасынан өзге буфет бар, оны есептемедім, онда да күні бойы балалар бір нәрселер сатып алады», - дейді депутат.
Ол орта мектеп үшін бұл өте жақсы табыс екенін атап көрсетті.