Депутат Назарбаева Қазақстанда арзан есірткі анальгетиктерін өндіруді ұсынуда


«Украина сияқты елімізде есірткі анальгетиктерінің арзан таблетка түрін шығару мәселесін қарастыру қажет», деп Д.Назарбаева бүгін Астанада мәжілісте өткен үкімет сағатында мәлімдеді.

Депутат елде сырқаты жанына қатты бататын адамдар үшін есірткі анальгетиктерінің қолжетімді болу проблемасы шешілмей келетінін атап көрсетті. «Таблетка түріндегі морфин жоқ, Созылмалы аурудан 72 сағат бойы демалуға мүмкіндік беретін фентанилді жапсырма тым аз сатып алынады. Қазақстанда бұл есірткі анальгетиктеріне деген қажеттілік он есе төмен көрсетілген», - дейді депутат.