Депутат Назарбаева қазақстандық инновацияларды белсенді ілгерілетуді ұсынды

«Өте маңызды мәселе: технопарктер идеясын әйгілендіру, біздің өнертапқыштардың ойлап тапқандарын әйгілендіру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жоқ, біздің инноваторларға, өнертабыстарымызға, олар қалай пайдаланылғаны туралы эфирден бірде бір бағдарлама көрмедім», - деп Д.Назарбаева бүгін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің Қазақстанда технопарктерді дамыту мәселелері жөніндегі отырысы барысында атап көрсетті.


«Мемлекет қамтамасыз ететін бүкіл бір арна бар, ол «Білім» арнасы. Неге осы анрамен бірше тізбелік бағдарлама жасамасқа? Арнайы журналдар қайда, бұл өнертабыстар туралы қай жерде жазылып жатыр? Кәсіпкерлер жоқ ақпаратты қайдан алады? Арнайы сайт болуы тиіс, сонда сіздерге осы өнертабыстармен әлемдік нарыққа шығып, инвестор табу жеңіл болады», - дейді ол.