«Жоғарғы оқу орындарының әкімшілік құрамы бүгінгі таңда қалай таңдалады. Жоғарғы оқу орындарының ғана емес, бұл мектептерге, медициналық мекемелерге т.б. қатысты. Бұл үлкен проблема», - деп Д.Назарбаева бүгін Астанада әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі мәжіліс комитетінің кеңейтілген отырысында атап көрсетті.
Депутат Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы оқу орнының ректорларын арнайы бағдарламалар шеңберінде оқыту туралы ұсынысына кейіді. «Жоғарғы оқу орнының басшыларын оқыту керек дейсіз. Онда ел президентін арнайы дайындайық, министрлерді оқытайық, зауыт директорларын жеке дайындайық, не туралы айтылып отырғанын түсінесіздер ме? Оқыту дегені несі, сонда мемлекет ақшасын қайта шашу керек пе?», - деп Білім және ғылым министрінің орынбасары Тақыр Балықбаевқа сауал тастады.
Д.Назарбаеваның айтуынша, ректор өзі оқу орнынан өсіп-өнуі, барлық мәнсаптық сатыдан өтуі тиіс. Ал біз ректорларды қандай өлшемдер бойынша тағайындайтынымыз түсініксіз, ректорларды тағайындау жүйесі кіршіксіз ба, сонда министрліктің ортаңқол қызметкерін ректор орынтағына отырғызып, оны сүйрелеп, ректор ету үшін бюджеттің ақшасын шашуымыз қажет. Одан ректор шығатын, шықпайтыны екіталай.
«Бұдан еш қисын көріп отырған жоқпын. Бұлай қалдыруға болмайды», дейді ол.