Депутат Оқу-ағарту министрі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.