Депутат Қоңыров:100 миллион тонна көмір өндіретін елдің азаматтары көмірді қаппен алып отыр

"Қазақстан кезекті отын тапшылығын, мұнай өнімдерінің тапшылығы мен олардың қымбаттауын басынан кешіріп отыр. Жылыту маусымы басталғалы бері көмір мен газдың да бағасы өсті. 100 миллион тонна көмір өндіретін елдің азаматтары өз үйлерін жылыту үшін көмірді қаппен, сөмкемен тасуға мәжбүр екені ұят нәрсе. Олар сөмкесіне мың теңге төлесе, бұл көмірдің тоннасына 25 —30 мың теңгені құрайды.