Депутат ру-руға бөлінген шымкенттіктерге өкпелеп қалды

Қасымбек Нұрсейітов соғыс жылдары танк взводының командирі болған. Сүйегі Риганың түбінде жол салып жатқанда табылыпты. Іздестіру тобы «11 маусым, 1944 жыл, Нұрсейітов Қасым» деп жазылған жауынгерге тиесілі металл тарақты тауып кейін иесін анықтаған. Өзінің 17 жасына 3 жыл қосып, майданға аттанған Қасымбек Нұрсейітов Латвия жеріне дейін жетіп, 1944 жылы 24 қарашада мерт болған екен. Тек 70 жыл бойы жат жерде жатқан жауынгердің сүйегін қарсы алу шарасы көптің көңілінен шықпаған сыңайлы. 10-15 курсантты топтастырып қойғанын көрген жергілікті Мәслихат депутаты ашуға мінап, әкім-қараларды бір сыбап алды. 


Дулат Әбіш, ОҚО Мәслихатының депутаты:

-Не айтуға болады? Бүгін осы қатарда мен ойлаймын облыстың бірінші басшысы, екіншісі бар, қаланың басшысы, ауданның әкімдері мына жерде қаз-қатар  тұруы керек еді. Жалпы халық көп жиналу керек еді. Ал, бізде патриотизм аудан-аудан территорияға бөлініп кеткен. Ру-руға бөлініп кеткен. Бұл жерде қазақтар тұру керек еді.