Депутат Ш.Оразалинов Зейнетақы туралы заңнамадан "алалаушылық сипаттағы" кейбір нормаларды алып тастауды ұсынады

Депутат заңның зейнетақы есептеуге қатысты нормасын алып тастауды ұсынады. Бұл нормаға сәйкес, зейнетақы төлемдерінің мөлшері жұмыс өтілі барысындағы үзілістерге қарамастан 1995-жылдың 1-қаңтарынан бергі қатарынан үш жыл ішіндегі орташа айлық кірісіне қарай есептеледі. Ш.Оразалиновтың айтуынша, зейнеткерлерден келіп түскен өтініштерге талдау қортыындысы көрсеткеніндей, бұл норма 1995-жылдың 1-қаңтарына дейін қажетті еңбек өтілін қалыптастырып, түрлі себептермен дәл осы кезеңде жұмысынан айрылған адамдардың құқығына қайшы келеді. "Осы кезеңде белең алған кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауы, жойылуы мен штат қысқарту тәрізді қым-қуыт жағдайлар зейнеткерлердің дәл осы бөлігінің аталған кезеңдегі жалақысы туралы анықтама әкеле алмауына апарып соқты",- деді парламентші.

Ш.Оразалиновтың пікірінше, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңынан бұл норманы алып тастау әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіріп, зейнеткерлердің кіріс деңгейіне немесе еңбек өтіліне қарамай барлығына бірдей жағдайда зейнетақы белгілеуге негіз болмақ.