Депутат сотқар оқушыдай үстелден ырғып ұятқа қалды


Алайда, генералдың әскери адамға жараспайтын бұл қылығын әріптестері ерсі көрмеді. Керісінше, қол шапалақтап, депутаттың көптің көзінше аяғын аспанға көтеруін таңғы жаттығуға балады. Жалпы, Мәжіліс жиындарында мұндай ыңғайсыз жағдайлар жиі болып тұрады. Жуырда ғана депутат Алдан Смайыл да отырыс кезінде орындығынан ауып түсіп, көптің көзінше қызарып еді.