үкіметте спортқа бөлінетін қаржыны көбейту мәселесі талқыланғанда табандылық танытуға шақырды.
«Бізде ақшаны есептеу тәсілі дұрыс емес. Агенттік төрағасы ретінде бізде ақша жоқ деуге болмайды. Табандылық танытып: «Ал, біз қылмыскерлердің күтіміне, сырқаттар мен балалар ауруларының алдын алуға қанша қаражат жұмсап жатырмыз?» деуіңіз керек», - деді З.Балиева агенттік төрағасына.
Ол әріптестерінің «спортшыларды жаттықтырушы етіп тағайындап, оларға жалақы тағайындау» жөніндегі ұсынысын қолдайтынын жеткізді. «Қазір оларды жаттықтырушы етіп тағайындап, спорттың белгілі бір салаларын соларға бекітіп қойсақ спортты дамытамыз», - дейді депутат.