Депутаттар "2005-жылғы республикалық бюджет туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда талқылай бастады

Отырысқа сенатың 33, мәжілістің 56 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты" ,- деді парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 135,8 млрд. теңге, шығыстар 1 223,6 млрд. теңге болмақ. Тапшылық 87,750 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің болжанып отырған деңгейіне 15,5 % мөлшерінде ұйғарылып отыр.
Сондай-ақ, депутаттар "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында құзырет аясын шектеу және бюджеттік қарым-қатынастар туралы кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР конституциялық заңын екінші оқылымда қарауы тиіс.