Сапар барысында сенаторлар сайлаушылармен кездесіп, әлеуметтік сала нысандарында, нақты сектор кәсіпорындарын аралайды. Жергілікті өзін-өзі басқару, инфрақұрылымдарды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Сенат депутаттары еліміздің қаржы мәселесіне қатысты қабылданған басты құжаттары туралы жан-жақты әңгімелейді. Атап айтқанда, олар «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобалары.