Депутаттар әлеуметтік желіде парақшаларын ашып жатыр

Мәжіліс депутаттары 4 топқа бөлінген. Бүгін алғашқылары арнайы тренингке қатысты. Олар берілген 1 сағат ішінде ғаламтордың пайдасы мен зиянын қатар оқиды. Виртуалдық әлемнен нені үйреніп, неден жирену қажеттігін көріп-білмек. Қажет деп тапса, тіпті парақшаларын ашады. Сол сәттен бастап бүгінгі күннің өзекті тақырыбын  қозғап, көбірек «лайк» жинауға тырысады.  Жалпы, Парламентте әлеуметтік желіде өз парақшаларын ашып, тіркелген депутаттар саны саусақпен санарлық. Бірақ мына тренингтен кейін де тіркеле қоюым екіталай дегендер де  табылды. Себебі, депутаттардың әлеуметтік желіні  көбірек  қолданатын журналистерге өкпелері бар екен. Сондықтан әлеуметтік желіден іргемізді алыс ұстаймыз дейді.


Төлеген Ибраев, Мәжіліс депутаты:

- Мен олардан ауылымды, іргемді алыс сақтаймын. Кейбір жерде сіздердің әріптестеріңіз отыз тістен шыққан сөз отыз елге жетеді дейді. Кейбір жерде өкінішке орай, кейбір жерін үзіп, кейбір жерін іріп, кейбір жерін бұзып кететін жері бар. Ол кезде жас емеспіз, қысылам, қымтырылам