Депутаттардың күшке мінетін жөні бар. Бүгін «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттардан қорғау» туралы заңды өздері бірінші оқылымда бекітті. Алғаш рет қабылданған жаңа құжаттың талабы бойынша енді теле-радио, газет-журналдар мен түрлі сайттардан өтетін кино, бағдарлама мен жарнамалар қатаң сүзгіден өтеді. Барлық материал баланың жас ерекшелігіне сай түрлі санатқа бөлініп көрсетілмек. Ең бастысы жарияланатын ақпараттың мазмұны жасөспірімнің ой-санасына, психикасына қауіпті болмауы тиіс. Талапты бұзғандарды арнайы комиссия анықтап айыппұл салады, не лицензиясын тартып алмақ. Тіпті Мәжіліс ұл-қыздарды жүгенсіз кеткен порнографиялық өнімдерден қорғаудың жолын тауыпты. Ол үшін Америкадағыдай әр баланың компьютеріне құпия сөз жазып арсыз сайттарға кіруін шектемек.
Алдан Смайыл, Мәжіліс депутаты:
-Әлгідей адресі бар балалар ересектерге арналған интернет-ресурстарға сайттарға кіре алмайды. Менің айтып отырғаным сол. Егер техникалық қамтамасыз ете алсақ, Қазақстанға да енгізуге болады.