Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
"2008 жылы мен Астана халықаралық әуежайын тұңғыш Президент, көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды ұсынған болатынмын. Бұл бастама қоғамда кеңінен талқыланды. Менің ойымша, үлкен қолдауға ие болды", — деді Сенат депутаты Дархан Қалетаев.
Осыған орай, депутаттың айтуынша, тұңғыш президенттің есімін елордаға және ел нысандарына беру жөніндегі әріптестерінің ұсынысы өзекті және уақытылы болып табылады. Бұл ұсынысты депутат Павел Казанцев те қолдады. "Мен байырғы Ақмола тұрғыны ретінде бұл ұсыныс біздің тамаша астанамызды ғана емес, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған тұлғаға көрсетілетін құрмет ретінде әділетті деп ойлаймын", — деді депутат. Мінберге шығып, сөз сөйлеген басқа да депутаттар бұл ұсынысқа қолдау білдірді.