Депутаттар Өнеркәсіп министрін сынға алды

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп министрінің (Қанат Шарлапаевтың) жауапкершілігі мәселесін көтеруді сұрады. Ол Парламент Мәжілісіндегі бүгінгі Үкімет сағатында депутаттардың сауалына тиісті деңгейде әрекет етпеген.

«Сіз Парламентке депутаттардың алдында есеп беруге келдіңіз. Сондықтан сұрақтарға жауап береңіз», - деді Б. Базарбек министрге қарата айтқан сөзінде.

Сонымен қатар әріптесінің сөзін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те қолдады.

«Бүгін 5 сұрақ қойсам да, ешқайсына жауап алмадым. Бүгін министр не үшін келді?! Үкімет сағатында проблеманы ортаға салып, шындықты айтуы керек. Былтыр 170 жоба іске асырылып, зауыттар жұмысын бастауы керек еді. Сегізі ғана акт бойынша іске қосылды. Бүгін соның жауабын алғымыз келді, бірақ ақпарат болмады. Себептері мен проблемалары қандай? Кімді жауапқа тартамыз? Министрлер алдымызда тұрып, жалған ақпарат беріп тұр. Қаржы туралы бір есеп бермеді... Жалпы, бүгін 2 сағат уақытымды босқа жұмсадым есептеймін, яғни пайдалы ақпарат алмадым», - деді М. Әбенов.