"Парламент сенаты мен мәжілісінің бір топ депутаты заңнамалық бастама тәртібімен "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасын жасады. Оны қарап қабылдау отандық ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім моделін одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді деп сенемін", - деді С. Дьяченко.
Оның пікірінше, Қазақстан халқы ассамблеясына конституциялық мәртебе беру "ассамблеяның өз құрылымын және жалпы еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынастар институтын дамытуға жаңа қадам болды". " Қазақстан халқы ассамблеясының құқықтық мәртебесі бірінші кезекті оның Қазақстан қоғамындағы топтастырушы функцияясын білдіреді", - деді вице-спикер.