"Қазақстанның бұл бастамаға бірікпеуі - еліміздің халықаралық сахнадағы беделіне көлеңке түсірмек",- деп пайымдайды халық қалаулылары. Олардың пайымдауынша, Қазақстанның бұл құжатқа бірігуі "дүниежүзілік қауымдастыққа республика үкіметінің шикізат өндіру саласында жариялылық, есеп берушілік және қоғам тарапынан қадағалау принциптеріне бағынатынын паш ететін бір белгіге" айналмақ. "Сонымен бірге Қазақстан табиғат байлықтарын демократиялық басқарудың түпқазық қағидаларын әлемнің басқа елдеріне де таратушы ролін өзіне жүктеп ала алады",- дейді депутаттар.
Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында Йоханнесбург қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі саммитте жария еткен.
Бастаманың мақсаты - шикізат өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпараттарды, сондай-ақ, табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтері тапқан пайданы жариялы болдыруға қол жеткізу.
Қазіргі жағдаймен бастамаға Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, Жапония, Норвегия, Индонезия, Нидерланды, Нигерия, Әзербайджан, Қырғызстан елдері біріккен.