"Депутаттар туған күнге 2000 теңгеден жинайтын": Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінен қандай сыйлық алғанын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дәулет Мұқаевтың айтуынша, биылдан бастап депутаттар туған күнге 5000 теңгеден жинайды екен.

"Алтын әріптестерімнің құттықтауы. Біздің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ең қарапайым, халыққа ең жанашыр депутаттар жиналған деп 100% сеніммен айта аламын. Ең бастысы біздің комитетте жан бар, әзіл, сыйластық-достық, коммуникация бар. Ең жас депутат болсам да, әріптестерімнің маған деген құрметі ерекше. Қарапайымдылығымыз бір төбе, өткен жылы туған күнге 1500-2000 теңгеден жинайтын едік, биыл адам басына 5000 теңге қылдық. Басқа комитет депутаттары арасында бізге прикол ұстайтындар бар. Есесіне, бізде бәрі шынайы. Өмірде қалай бар, солай өмір сүру керек. Аман болыңыздар, аға-әпкелер. Аллам абыройдан айырмасын", - деп жазды туған күн иесі.