Депутаттарды тас-талқаны шыққан жолдар шошындырды

Асфальт төсеуге бюджеттен миллиардтап қаржы бөлініп жатса да, жұрт жібі түзу жолға жарымай-ақ қойды. Тіпті жол сапасының нашарлығы бойынша, Қазақстан әлемде 117-інші орынға бір-ақ сырғыған. Одан қалды жолы жоқ қала мен ауылдар әлі бар. Жүргізушілердің де наразылығында шек жоқ. Салық төлеп жатқанымен тас-талқаны шыққан жолдармен жүруге мәжбүр. Қыруар қаржы жұмсалып жатқан жолдардың осы сапасыздығын бүгін депутаттар Мәжіліске келген су жаңа көлік министрі Жеңіс Қасымбектің бетіне басты. Елімізде асфаль төсеудің неліктен қымбатқа түсіп жатқанын түсіндіруді талап етті. Сөзге жүйрік министр тосылған жоқ. Бар проблеманы  құрылыс материалдарының қымбаттығымен түсіндіріп өзіне шаң жуытпады.


Жеңіс Қасымбек, ҚР Көлік және коммуникация министрі:

-Барлығы құрылыс материалдарының құнына байланысты. Мәселен бір жарым жыл бұрын бір тонна битумның бағасы 65 мың теңге болса қазір 100 мың теңгеге жетті. Бұл әрине, құрылыс материалдарының бағасына әсер етпей қоймайды.